Негізгі бет
Агенттік туралы
Жарияланымдар
On-line есептілік
Респонденттерге
Жіктеуіштер
ХВҚ-ның стандарттары
Мемлекеттік сатып алулар
Блогтар
 
 

 Ғылыми зерттеу әзірлемелері

 

Мемлекеттік статистика саласында 2008 жылға арналған 13 ғылыми тақырып бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу

 

№ п/п

ҒЗЖ-тың атауы

Мақсаты

Қызметтерге талап етілетін сапалық сипаттамалар

1

Бірыңғай ақпараттық статистикалық жүйелерге арналған метадеректер жүйесін жасау

Метадеректер жүйесi әдiстерiн есепке алып формалар мен сұраулар жасау стандарттарын құрастыру

Енгізу жоспарын құрастыру (пилоттық – апта сайынғы, жалпы – тоқсан сайынғы)

Пилоттық жобаның iске асырылуын сарапшылық бақылау (сыныптауыштар аудару, бағдарламалық қамтамасыз етудi қолданудың дұрыстығының сынау)

Есеп

2

Еңбек рыногы индикаторларын кеңейту бойынша ғылыми негізделген әдістер жасау

«Халықаралық практикаға сәйкес бәсекеге қабілеттілігін өлшеуге арналған еңбек құны индикаторларын есептеудің әдістемесі» бөлімі

«Жұмыс уақыты индикаторлары жүйесін құруға арналған ғылыми-негізделген әдістерді практикаға енгізу» бөлімі

Еңбек сапасының статистикалық көрсеткіштерін жасау

Айнымалы құраушыларды анықтау, оларды ХЕҰ стандарттарымен үйлестіру

Ақпараттық ағындарды жасау және оларды әдіснамалық негіздеу

Жұмыс уақытының индикаторлары жүйесiн құрастыру әдiстемесiн әзiрлеу және енгiзу. 

Жұмыс уақыты индикаторларының қазiргi жүйесiн және халықаралық тәжiрибеде қолданылатын оларды құрастыру жолдарын зерттеу

Есеп

3

Макроэкономикалық статистика саласында ғылыми-зерттеушілік жұмыстар

 «Жалпы өңірлік өнімді өлшеу бойынша ғылыми-әдіснамалық негіздер дайындау» бөлімі

Ағымдағы (бiрiншi кезең ) бағалардағы ЖӨӨ-нің тоқсандық есептеулерi бойынша қазргі уақыттағы халықаралық тәжiрибенi зерттеу, қазiргi ақпараттық ағындарды талдау

Есептеулер өткiзуге қажеттi ақпараттық базаға қойылатын талаптарды жасау, әдiстемелiк ұсыныстарды құрастыру.

Есеп

4

Әлемдік тәжірибеге сәйкес жасалатын мәмілелер фактісі бойынша экспорттық-импорттық жеткізілімдер бағасын зерттеудің ғылыми негізін жасау

Елге келетін және елден шығарылатын өнім тiзбесін жасау. Статистикалық қамтуға арналған оның ұтымдылығын және толықтықтылығын негіздеу

Бағалық ақпарат алудың әдістер мен тәсілдерін, зерттеудің негізгі объектілерін таңдау критерийлерін анықтау.

Өңірлер бойынша кәсiпорындардың iрiктеулерiн жасау.

Тіркелген экспорттық-импорттық мәмілелер бағаларының негізінде сыртқы сауда бағалары индексін жасаудың әдістемелік жолдарын дайындау.

Есеп

5

Инфляцияның сипаттарын бағалау саласындағы ғылыми зерттеу: инфляциялық үдерістердің импорттық құрама бөліктері, оны бағалау үшін модельдер жасау және оның инфляцияға әсерін анықтау үшін ғылыми әдістер құрастыру

Халықтың экономикалық, әлеуметтік және басқа сұраулары тәжiрибесінде қолданылатын индекстiк индикаторлардың қазiргi жүйесiн зерттеу.

Инфляциялық күтулер индексінің  салмақтық құраушыларын анықтау, олардың Қазақстанның шарттарымен үйлесуі.

Сұрауларға ақпараттық ағындар және әдістер құрастыру. Тұрғындардың жас-жыныстық және әлеуметтік-демографиялық құрылымына сәйкес сұралатындардың жеткілікті санын анықтаудың критерийлерін жасау.

Тұрғындардың инфляциялық күтулерiн зерттеуін өткiзудің әдістемелік жолдарын дайындау.

Есеп

6

Қазақстандағы заңсыз әрекеттердің көлемін анықтаудың ғылыми-әдіснамалық жолдарын дайындау

Республикадағы заңсыз іс-әрекеттердің түрлерін, бағалауға жарамды әлеуетті ақпарат көздерін анықтау.

Қазақстандағы заңсыз іс-әрекет түрлерінің ауқымын анықтау бойынша әдіснамалық ұсыныстар жасау.

Есеп

7

Экономиканың ағымдағы дамуын бағалау үшін индикатор құрастыру және ғылыми-әдіснамалық әдістерін жасау

Көрсеткiштердiң шектелген шеңберi бойынша ай сайынғы негiзде ЖІӨ-ді түрлендiру ретiнде экономикалық индикатор құрастырудың халықаралық тәжiрибесін зерттеу.

Қазақстанға арналған әдіснама жасау

Есеп

8

Үй шаруашылықтары туралы деректерді модельдеудің әдістері. Өңірлік (аудандық) деңгейдегі халық кедейлігінің картасын құру.

Ақпарат көздерін анықтау

Таңдалған айнымалыларды теңестіру

 Әл-ауқат индикаторын таңдау

 Теңсіздік және кедейшілік бойынша мәліметтерді агрегациялау нәтижелерін талдау.

Кедейшіліктің эконометрикалық моделін жасау. Аудандар деңгейінде кедейшілік карталарын модельдеу.

Аудан деңгейінде модель сипаттарын бағалау және кедейшілікті болжау.

Кедейшілік карталарын жаңартудың әдіснамалық сұрақтары және жаңарту сипаттарының және уақыт өте  болатын бағаларының схемалары

Есеп

9

Микроэкономикалық статистика саласында ғылыми зерттеулер жүргізу, отандық компанияларды дамыту бағдарламасының шегінде әр түрлі салалардағы кәсіпорындар қызметін есепка алу және талдау үшін ғылыми база жасау:

 

Статистикалық практикада қолданылатын кәсіпорындардың құрылымдық зерттеулері мақсаттарының, міндеттерінің көрсеткіштер жүйесінің халықаралық стандарттарға және ұлттық талаптарға сәйкес келуін талдау.

Кәсіпорындардың құрылымдық статистикасы бойынша ақпараттық базаның халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келуін талдау.

Сауда кәсіпорындарының қысқа мерзімді статистикасы бойынша көрсеткіштер тізімін халықаралық тәжірибені есепке алып анықтау.

Сауда кәсіпорындарының қысқа мерзімді статистикасы бойынша құрал-жабдықтарды дайындау

Есеп

10

Шағын кәсіпкерлік бойынша ақпараттық ресурстарды дамыту үшін ғылыми база жасау

Республикада қолданылатын шағын кәсіпкерлік мониторингі жүйесінің халықаралық стандарттарға және ұлттық талаптарға сәйкес келуін талдау.

Елдегі шағын кәсіпкерлік мониторингі жүйесінің кәсіпкерлік әлеуетін зерттеу және бағалау міндеттеріне сәйкес келуін талдау.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің микроцензын өткізуге арналған индикаторлар жүйесін құрастыру үшін ғылыми ұсыныстар жасау.

Есеп

11

Өмір құны индексін құрастыру үшін ғылыми негізделген әдістерді жасау

Республикадағы ақпараттық ағындардың бар болуын, олардың жеткіліктілігін, сенімділігін және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ӨҚИ-н құруға сәйкестігін бағалау.

ӨҚИ (өмір құны индексі) құрастыруға концептуалды әдістерін дайындау.

Статистикалық практикаға өмір құны индексін құрастыру әдістемесін жасау.

ӨҚИ-не арналған таразы құраушыларын, қоржын құрамын, жоқ мәліметтер бойынша бағалауларын есептеу, негіздеу және оларды әдістемелік үйлестіру.

Есеп

12

Ақпараттық қоғам статистикасының ғылыми базасын құрастыру

Ақпараттық қоғамға қол жетімділікті өлшеудің статистикалық индикаторлар жүйесін жасау.

Статистикалық бірліктерді зерттеу бойынша әдіс-тәсілдер жиынтығын дайындау.

АКТ-ға цифрлы қол жетімділік индексін құру.

Есеп

13

Өндірілмеген материалдық және материалдық емес активтер құнын бағалаудың ғылыми-негізделген жолдарын жасау.

Ұлттық шоттар жүйесінің активтерді классификациялаудағы «Өндірілмеген активтер» санатын талдау.

Қазақстанның статистикалық ерекшеліктеріне өндірілмеген активтер құнын бағалаудың халықаралық тәжірибесінің бейімделуі.

Ұлттық байлық құнын бағалаудың, активтер және пассивтер балансын құрастырудың әдіснамалық жолдарын жасау.

Есеп