Негізгі бет
Агенттік туралы
Жарияланымдар
On-line есептілік
Респонденттерге
Жіктеуіштер
ХВҚ-ның стандарттары
Мемлекеттік сатып алулар
Блогтар
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі объектілерінде 2009 жылғы Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын жүргізу тәртібі 
Негізгі бет > Национальная перепись > НҚА > Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі объектілерінде 2009 жылғы Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын жүргізу тәртібі
 
    

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

«____» ______________ 2008ж.

              № _______________

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар  министрлігі

«____» ______________ 2008ж.

               №_____________

 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің объектілерінде 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы  

Астана қаласы 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы №1138 "2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы туралы" қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:

1.    Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі объектілерінде 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу тәртібі бекітілсін.

2.    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағындағы мекемелер басшылары осы Халықтың ұлттық санағын өткізу тәртібін қабылдасын және оның талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін.

3.    Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрайымының орынбасары Н.Баяновқа, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі А.Сабдалинге жүктелсін.

4.    Осы бұйрық тараптардың қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрайымы

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар  министрі

      _____________ А. Мешімбаева                     _____________ В. Божко