Негізгі бет
Агенттік туралы
Жарияланымдар
On-line есептілік
Респонденттерге
Жіктеуіштер
ХВҚ-ның стандарттары
Мемлекеттік сатып алулар
Блогтар
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті объектілерінде 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы біріккен бұйрық 
Негізгі бет > Национальная перепись > НҚА > Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті объектілерінде 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы біріккен бұйрық
 
 

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

«___»______________2009ж.

№_____________

Қазақстан Республикасы

 Қаржы министрлігі

«___»_____________2009ж.

№____________

 

 

 

 

Біріккен Бұйрық 

Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті объектілерінде 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы

  

«2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы №1138 қаулысына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары  Ө.Е. Шөкеевте 2009 жылғы 2 ақпанда өткен кеңестің №4 хаттамасының 4- тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің аумақтық органдары (бұдан әрі – аумақтық статистика органдары) 2009 жылдың 25 ақпаны мен 6 наурызы аралығында Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті объектілерінде (бұдан әрі – Комитет) кедендік бақылаудан өтушілерді халық санағынан өткізсін.

2. Комитетке:

2009 жылдың 25 ақпаны мен 6 наурызы аралығында аумақтық статистика органдарына санақты ұйымдастыруға даярлауға және Комитеттің Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өту пункттерінде, сондай-ақ  бақылау-өткізу пункттерінде кедендік бақылаудан өтушілерді халық санағынан өткізуге жәрдемдессін.

2009 жылдың 10 ақпанына дейінгі мерзімде аумақтық статистика органдарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өту пункттерінің, сондай-ақ  бақылау-өткізу пункттерінің тізбесін ұсынсын;

 2009 жылдың 16 ақпанына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өту пункттерінен, сондай-ақ  бақылау-өткізу пункттерінен есепшілерге санақ жұмысына арналған орын бөлсін, сондай-ақ есепшілердің аталған объектілерге қолжетімділігін қамтамасыз етсін;

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрайымының орынбасары Н.Баяновқа, Қазақстан Республикасы  Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Н. Коржоваға жүктелсін.

 4. Осы бұйрық қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.

  

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Төрайымы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

   _____________ А. Мешімбаева                

_______________Б. Жәмішев