2007 жылғы 28.11 №1138
2009 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы туралы
1. 2009 жылғы 25 ақпан – 6 наурыз кезеңінде Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы өткізілсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізудің іс-шаралар жоспары бекітілсін.
3. Жергілікті атқарушы органдарға 2008 жылғы 1 шілде- 2009 жылғы 1 сәуір кезеңінде әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, тарату мен қайта құру және көшелерді қайта атау туралы ұсыныстарды енгізбеу ұсынылсын.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов