1-КО (айлық)
ON-LINE режимде 1-КО (айлық) нысаны бойынша электронды есепті тапсыру үшін мынадай техникалық талаптар қажет:
1. Браузердің нұсқасы:
· Internet Explorer 8.0 және одан жоғары;
· Mozilla Firefox 3.6 және одан жоғары;
· Google Chrome 12;
· Safari 5.
2. Ұлттық куәландырушы орталықтың (ҰКО) сайтында орналастырылған, Tumar криптопровайдерінің бағдарламалық қамтамасыз етуі (1.1.36.173 нұсқасы және одан жоғары).
3. ҰКО беретін, RSA және ГОСТ алгоритмдері негізіндегі сертификаттарды алу, орналастыру. Заңды тұлғаларға аутентификация құралдарын және электронды цифрлық қол таңбаны беру Халыққа қызмет ету орталықтарындағы Ұлттық куәландырушы орталықтың Тіркеу орталықтарында жүзеге асырылады. Ол үшін бизнес-идентификациялық нөмірі (БИН) бар заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі болуы тиіс. Тіркеу орталықтарының тізімі Ұлттық куәландырушы орталықтың сайтында қол жетімді.
4. Java Runtime Environment 1.6 бағдарламалық қамтамасыз етуі.
5. Java-ға (Certificates) ҰКО сертификаттарын икемдеу бойынша нұсқаулық.
6. Браузердің күйге келтіруінде https://eso.stat.kz:455 сайты үшін ActiveX компоненттерін және Javascript қолдануға рұқсат беру.
7. Пайдаланушының басшылық етуі.