Үстіміздегі жылғы 18 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы статистика департаментімен бұқаралық ақпарат құралдары үшін «Облысының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбына брифинг өткізілді.
Брифингті бастықтың орынбасары Ізбасова Гүлзиян Жүнісовна жүргізді. Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша баяндалғанда слайдтар көрсетілді.
Іс-шара барысында Г.Ж. Ізбасова халық саны, нәресте шетінеу деңгейі, өнеркәсіп өндірісінің көлемі, ауыл шаруашылық жалпы өнімін өндірудің өзгеру үрдісі туралы жорналшылардың сұрақтарына жауап берді.
Тілшілер кездесуге көңілдерінің толғанын білдіріп, алған ақпараттар үшін алғыстарын жеткізді.