2012 жылғы қаңтарда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 15 817 теңгені құрады
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2012 жылғы қаңтарда өткен аймен салыстырғанда 1,3%-ға, 2011 жылғы қаңтармен – 8%-ға өсті. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 23,4%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 16,8%, жемістер мен көкөністерді – 9,6%, нан және жарма өнімдерін – 8%, қант, шай және дәмдеуіштерді – 2,2%-ды құрады.
Әдіснамалық түсініктемелер
Ең төменгі күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бекітілген үлесінен тұрады. Күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 40 пайыздық мөлшерінде белгіленген.
|
Орындаушы: |
Баға статистикасы ддиреаторыдиректоры |
Баспасөз қызметі: |
Мекен-жай: |
|
Ирисматова Н. |
департаментінің директоры |
Алимова Динара |
010000, Астана қаласы |
|
тел. 8(7172)74-95-31 |
Кривко Н.И. |
Телефон: 8(7172) 74-92-57 |
Сол жағалау, Орынбор к-сі 8 |
|
N.Irimatova@stat.kz |
тел. 8(7172)74-90-57 |
D.Alimova@stat.kz |
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |