А.ж. 25 қаңтарында Ақтөбе облысының статистика департаменті ғимаратында
бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифинг өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты - бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамды Ақтөбе облысының 2011 жылғы дамуының негізгі қорытындылары туралы хабардар ету.
Брифингті статистика департаментінің бастығы - Әлия Оспанбекқызы Боранбаева өткізді. Өзінің сөзінде ол облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне тоқталып, облыстың республика экономикасына қатысуы туралы айтып өтті.
Журналистердің ерекше қызығушылығын туғызған мәселелер: халықтың қаржылық табыстары, жалақы, тұтыну тауарларына баға өсімі.
Брифинг белсенді өтті, журналистердің қойған барлық сұрақтарына толық, мазмұнды жауаптар берілді.