Негізгі бет
Агенттік туралы
Жарияланымдар
On-line есептілік
Респонденттерге
Жіктеуіштер
ХВҚ-ның стандарттары
Мемлекеттік сатып алулар
Блогтар
Қазақстан Республикасындағы 2011/12 оқу жылының басына күндізгі жалпы білім беретін мектептер 
 
 
 

Қазақстан Республикасындағы 2011/12 оқу жылының басына күндізгі жалпы білім беретін мектептер  

              2011/2012 оқу жылының басына Қазақстан Республикасында 7706 күндізгі жалпы білім беретін мектептер жұмыс істеді, олардың 7596 немесе 98,6% мемлекеттік болып табылады.

               2011 жылы жалпы республика бойынша  65  жаңа мектеп пайдалануға берілді, онын ішінде 56 - ауылдық елді мекендерде.

               Мектептердің жалпы санынан бастауыш мектептердің үлес салмағы 12,5% құрайды, негізгі  – 14,8%, орта – 69,1%.

               Бастауыш мектептердің жалпы санынан 95,4% ауылды елді мекендерде орналасқан, негізгі және орта мектептер бойынша бұл көрсеткіш тиісінше 93,8% және 70,6% құрайды.

2011/2012 оқу жылының басына күндізгі жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар саны 2522,8 мың адамды құрады, ол өткен оқу жылымен салыстырғанда 0,3%-ға кем.

Қарастырылып отырған оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде балаларды оқыту 7 тілде жүргізілді: қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік,  неміс, және ағылшын.

Қазақстан Республикасында қазақ тілінде (3843) және орыс тілінде (1508) оқытатын мектептер басым (орта және жоғары оқу орындары жанындағы мектептерді, арнайы түзету мектептерін қоспағанда). Өткен  оқу жылымен салыстырғанда оқыту тек қана қазақ тілінде жүретін мектептер саны 15 мектепке өсті (0,4%-ға). Сонымен қатар 58 мектепте оқыту өзбек тілінде, 14 – ұйғыр, 8 - ағылшын, және 2 - тәжік тілінде жүргізіледі.  Сондай-ақ 2163 мектепте оқыту екі немесе одан көп тілдерде жүргізіледі.

Республикада Қазақстан халықтарының тілдерін дамыту үшін жағдайлар жасалған. 2011/12 оқу жылында республика мектептерінде білім беру бағдарламасы аясында, сонымен қоса факультативті және дербес пән ретінде, дұнған (4853 оқушы), түрік (4291), ұйғыр (4076), ағылшын (2054), поляк (728), күрд (463), әзірбайжан (385), корей (228), татар (109) және басқа ұлттық тілдерді оқыту ұйымдастырылды.

2011/12 оқу жылының басына республикада әр түрлі пәндерді тереңдетіп оқыту мүмкіндігімен 1587 мектеп, одан 287 мектеп - гимназиялық және 64 мектеп лицейлік - сыныптармен жұмыс істеді.

2011/12 оқу жылында  жалпы білім беретін мектептердің 67%-ы сабақтарды 2- 3 аусыммен өткізді.

 

 

Исполнитель:

Директор Департамента

Пресс-служба:

Адрес:

Б. Акылов

Куканова Г.Ж.

Алимова Динара

010000, г.Астана

тел. 8(7172) 74 92 58

тел. 8(7172) 74

Телефон: 8(7172) 74-92-57

Левый берег р.Ишим, ул.Орынбор, 8,

b.akilov@stat.kz

G.Kukanova@stat.kz

d.alimova@stat.kz

«Дом министерств», 4 подъезд