2012 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,3% құрады
Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,5%, азық-түлік емес тауарларына – 0,3%, ақылы қызметтерге – 0,1%-ға өсті.
пайызбен, өсуі
|
|
2012 жылғы қаңтар |
|
2011ж. желтоқсанға |
2011ж. қаңтарға |
2010ж. желтоқсанға |
|
Барлық тауарлар мен қызметтер |
0,3 |
5,9 |
7,7 |
|
Азық-түлік тауарлары |
0,5 |
6,5 |
9,7 |
|
Азық-түлік емес тауарлар |
0,3 |
5,1 |
5,6 |
|
Ақылы қызметтер |
0,1 |
6,1 |
7,4 |
Өткен айда бағаның жоғарылауы етке, жұмыртқаға 1,4%-дан, жаңа жиналған жемістер мен көкөністерге – 1,1%, балық және теңіз өнімдеріне – 0,8%, мал майына – 0,6%, сүт өнімдеріне, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитерлік өнімдерге – 0,5%-дан, алкогольді ішімдіктерге – 0,4%-ға тіркелді. Бағаның төмендеуі жармаларға 4,4%, қантқа, ұнға – 2,1%-дан, күнбағыс майына – 1,5%, картопқа – 0,5%, күрішке – 0,3%, макарон өнімдеріне – 0,2%-ға белгіленді.
Баға қатты отынға, шыны және қыш бұйымдарына 0,7%-дан, киім және аяқ киімге, жеке күтімге арналған тауарларға – 0,5%-дан, фармацевтикалық өнімдерге – 0,3%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 0,2%-ға өсті.
Баға деңгейі денсаулық сақтау, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру қызметтеріне 0,8%-дан, мәдениет – 0,5%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары – 0,4%-ға жоғарылады, алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлігі – 1,2%-ға төмендеді.
Тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсетулер саласында тарифтер тұрғын үйді ұстауға 0,4%, қоқыс жинауға – 2,3%-ға жоғарылады, ал кәрізге – 0,2%, ыстық су мен орталықтан жылытуға – 0,4%-дан төмендеді.
________________
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 508 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.
2012 жылғы қаңтардан бастап ТБИ-ді есептегенде азық-түлік тауарларының үлесі 38%, азық-түлік емес тауарлар – 32%, ақылы қызметтер – 30%-ды құрады.
|
Орындаушы: |
Баға статистикасы |
Баспасөз қызметі: |
Мекенжай: |
|
Кумашева А.Б. |
департаментінің директоры |
Алимова Динара |
010000, Астана қаласы |
|
тел. 8(7172) 74-92-65 |
Кривко Н.И. |
Телефон: 8(7172) 74-92-57 |
Сол жағалау, Орынбор к-сі 8 |
|
A.Kumasheva@stat.kz |
тел. 8(7172) 74-90-57 |
D.Alimova@stat.kz |
Министірліктер үйі, 4 кіреберіс |