Негізгі бет
Жаңалықтар
Агенттік туралы
Жарияланымдар
Респонденттерге
Өңірлер
Әдіснама
Конкурстар
Блогтар
2010 жылғы қаңтар-маусымдағы Қазақстан Республикасындағы бөлшек сауданың жағдайы туралы 
 
 
 

2010 жылғы қаңтар-маусымда өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда бөлшек сауда көлемі 13,1%-ға жоғарылады және 1348,5 млрд.теңгеге жетті. Ағымдағы жылғы маусымда 2009 жылғы маусыммен салыстырғанда тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 17,2%-ға және 2010 жылғы өткен аймен салыстырғанда 0,4 %-ға жоғарылады.

2010 жылы бөлшек сауданы тұрақты жүйелерде жүзеге асыратын сауда кәсіпорындарының қызметі біртіндеп тұрақтанып келеді. Сонымен, 2010 жылы қаңтар-маусымда сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 2009 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 753,0 млрд. теңгеге немесе 17,4%-ға артық. Мұның өзінде, бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі сауда кәсіпорындарының үлесі 2 пайыздық тармаққа жоғарылады (2009 жылғы қаңтар-маусымда 53,8%-ға, 2010 жылғы қаңтар-маусымда 55,8%-ға).

Бөлшек сауданың жалпы көлемінде базарларда және жеке кәсіпкерлермен бөлшек сауда үлесінің төмендеуіне қарамастан (2009 жылғы-қаңтар маусымда 46,2%-дан 2010 жылғы қаңтар-маусымда 44,2%-ға дейін) өткізудің аталған арнасының тартымдылығы халықтың сатып алушылық белсенділігі әлі де маңызды болып қалуда. 2010 жылғы қаңтар-маусымда осы арнада өткізу көлемі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 8%-ға жоғарылады.

Халықтың мұқтаждығын әр түрлі тауарлармен қамтамасыз ету отандық өндіріс есебінен (көп жағдайда азық-түлік тауарлары бойынша), сонымен қатар, өзге елдердің импорты есебінен (азық-түлік емес тауарлары бойынша) жүзеге асырылады. Егер, мысалы,  ұн (99,9% ресурстардың жалпы көлемінде), жұмыртқа (91,9%), ет және ет өнімдері (88,3%), макарон өнімдері (85,6%), жарма (76,4%), сүт өнімдері (74,9%), қант (73,1%), өсімдік майы (70,5%), маргарин (59%), сары май (57,8%) ресурстары олардың республикадағы өндірісі есебінен қалыптасады, мұнда мұздатқыштар (100%), кілем және кілем бұйымдары (99,8%), жүн маталары (98,3%), жуу құралдары (96,8%), киімдер (91,6%), шұлық өнімдері (76,4%), кір жуатын машиналар (72,8%), аяқ-киім (68,7%), теледидарлар (60,3%) ресурстары импорттық түсімдер есебінен толтырылады.

  2010 жылғы қаңтар-маусымда облыстар бойынша бөлшек сауда нақты көлем индекстері

                                                                                                                             пайызбен

 

Орындаушы:

Қызмет көрсету статистикасы ддиреаторыдиректоры

Баспасөз қызметі:

Мекен-жай:

Баер Е.В.

департаментінің директоры

Жандаева Динара

010000, Астана қаласы

тел. 8(7172)74-95-24

Якупова З.Р.

Телефон: 8(7172) 74-92-57

Сол жағалау,Орынбор к-сі 8

E.Baer@stat.kz

тел. 8(7172)74-93-18

dzhandaeva@stat.kz

Министрліктер үйі, 4 кіреберіс