2010 жылғы мамырда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары алдын ала берілген деректер бойынша 39120 теңгені құрап, 2009 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 16,3%-ға артты. Нақты ақшалай табыстары 8,7%-ға өсті.
2010 жылғы мамырда орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыстардың көлемі бойынша Атырау, Маңғыстау облыстары және Алматы қаласы алдыңғы қатарды алды, осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейді 2,1-1,7 есеге арттырды.
2010 жылғы мамырда табыстары ең төмен өңірлер қатарында Оңтүстік Қазақстан, Қостанай және Жамбыл облыстары белгіленді, осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері республикалық деңгейден орташа алғанда 67,9% және 82,9% құрады. Сонымен бірге, халықтың нақты ақшалай табыстарының ең көп өсу қарқыны Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында белгіленді.
2010 жылғы мамырда өңірлер бойынша атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары және ең төмен мөлшерлері арасындағы арақатынас 3,1 есені құрады (2009 жылғы мамырда - 3,5 есе).
2010 жылғы мамырдағы Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша атаулы ақшалай табыс

|
Орындаушы: |
Еңбек статистикасы және үй |
Баспасөз қызметі: |
Мекенжайы: |
|
С.Қуатбекова |
шаруашылықтарын зерттеу департаментінің директоры |
Динара Жандаева |
010000, Астана қаласы |
|
тел. 8(7172) 74-93-82 |
В.Е.Евстафьев |
Телефон: 8(7172) 74-92-57 |
-
Сол жағалау, Орынбор
-
көшесі, 8 |
|
S.Kuatbekova@stat.kz |
тел. 8(7172) 74-92-64 |
dzhandaeva@stat.kz |
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |