Құрметтi респонденттер !!!
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң стратегиялық дамуының негiзгi бағыттарының бiрi 2011 жылға дейін респонденттерге жүктеменi кемiнде 30% төмендету болып табылады!
Респонденттерге!
«Электронды статистикалық есептілік» АЖ енгізілуіне байланысты, респонденттерге есептерді электронды түрде тапсыруға мүмкіндік беріледі. Бұл аутентификация құралдарын және электронды цифрлық қол таңбаны қажет етеді. Аутентификация құралдарын және электронды цифрлық қол таңбаны беру Халыққа қызмет ету орталықтарындағы Ұлттық куәландырушы орталықтың Тіркеу орталықтарында жүзеге асырылады. Тіркеу орталықтарының тізімі Ұлттық куәландырушы орталығының сайтында орналастырылған.
Жоғарыда айтылғанға байланысты статистикалық есептілікті электронды түрде табыс етеуге ниет білдірушілер Халыққа қызмет ету орталығынан заңды тұлғалардың аутентификация құралдарын және электронды цифрлық қол таңбаны алуы қажет. Оларды алу үшін бизнес-идентификациялық нөмірі (БИН) бар заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі болуы тиіс.
2009 жылғы мұрағат
|
Құрметті респонденттер, біз сіздердің пікілеріңізді аса бағалаймыз, сондықтан статистикалық есептілік нысандарын жетілдіру бойынша ұсыныстарыңызды электронды почтамен optima@stat.kz Агенттіктің республикалық офисіне жолдауларыңызды өтінеміз. Статистикалық нысандарға қатысты барлық сұрақтарыңыз бойынша мына телефонға хабарласыңыздар 717 2-74-95-22 |