Негізгі бет
Агенттік туралы
Жарияланымдар
On-line есептілік
Респонденттерге
Жіктеуіштер
ХВҚ-ның стандарттары
Мемлекеттік сатып алулар
Блогтар
Бос орындар 
 
 

2012 жылғы 13 наурызға 

ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА ЖҮЙЕСІН НЫҒАЙТУ ЖӨНІНДЕГІ ЖОБА  

БОС ОРЫН: Қаржы менеджменті бойынша маман (1 орын) 

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) мақсаты халықаралық әдістемеге және озық тәжірибеге сәйкес қажетті, уақтылы және дәйекті деректермен қамтамасыз ету мақсатында ұлттық статистика жүйесінің тиімділігін және нәтижелілігін арттыру болып табылатын «ҚАЗСТАТ»: Ұлттық статистика жүйесін нығайту жөніндегі жобаны іске асыру үшін Халықаралық қайта құру және даму банкі мен Қазақстан Республикасы арасындағы Қарыз туралы №8023-КЗ келісім шеңберінде Қаржы менеджменті бойынша маманның (1 бос орын) бос орнына орналасуға қайталап конкурс өткізеді.
Қаржы менеджменті бойынша маман:
Қаржы менеджменті бойынша маман Жоба аясында құжаттаманы жүргізу, есепке алуды және Дүниежүзілік Банкпен әзірленген нұсқаулықтарға сәйкес есептер дайындауды қоса алғанда, қаржы менеджменті бойынша барлық  жұмысқа жауапты болады.
Қаржы менеджменті бойынша маман келесі біліктілік талаптарға сай болуы тиіс:
1. Бухгалтерлік есеп және қаржы саласындағы жоғары немесе соған ұқсас білімі болуы;
2. Бухгалтерлік есеп/қаржы менеджменті саласында 5 (бес) жылдан кем емес жұмыс өтілі және Дүниежүзілік банкінің кредиттер/қарыздар саласында қаржы рәсімдерін жақсы білуі (ұсынымдар мен сертификаттар/куәліктердің болуы ескеріледі);
3. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын, Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасын және салық салудың нормативтік негіздерін жақсы білуі (сертификаттардың, ҚЕХС куәліктерінің болуы ескеріледі);
4. Ағылшын, қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеруі  (сертификаттардың, куәліктердің болуы ескеріледі);
5. Қаржылық басқару бойынша құрылымдалған есептерді қалыптастыруы;
6. Компьютермен жұмыс істей білуі және Microsoft Office стандартты пакетін және «1-С Кәсіпорын – Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған бухгалтерлік есеп» бухгалтерлік есебін бағдарламалық қамтамасыз ету пакеттерін білуі (сертификаттардың, куәліктердің болуы ескеріледі);
7. Әр түрлі деңгейлерде жұмыс істей білуі тиіс (ұсыным хаттарының болуы ескеріледі).
Осы жұмысты орындау үшін мемлекеттік қызметтегі үміткерге осы жұмысқа қабылданбас бұрын жұмыстан босатылу қажет.
Қызығушылық білдірген кандидаттар жұмыс күндері (9.00-18.30) төменде көрсетілген мекенжай бойынша неғұрлым толық ақпаратты ала алады.
Түйіндеме қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жасалып, төменде көрсетілген мекенжайға 2012 жылғы 11 сәүірден кешіктірмей жіберілуі тиіс.
 
 
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8,
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс.
Тел.: + 7 7172 74 92 66 (Ұлтанов Ержан)
Факс: + 7 7172 74 94 94