|
|
|
«2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары» талдамалы есебіне қатысты талқылау бойынша дөңгелек үстелін өткізу туралы
-
«2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары» талдамалы есебіне қатысты талқылау бойынша дөңгелек үстелін өткізу туралы
-
-
2011 жылдың 7 қазанында Қазақстан Республикасы статистика агенттігі Қазақстандағы БҰҰ халық саласынағы қорымен (ЮНФПА) бірге «2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары» талдамалы есебінің (бұдан әрі – Талдамалы есеп) алдын ала нұсқасын талқылауға арналған дөңгелек үстелін ұйымдастырды.
-
Талдамалы есеп ҚР статистика агенттігі мамандарынмен Қазақстандағы БҰҰ халық саласынағы қорының (ЮНФПА) техникалық қолдауымен дайындалды. Дөңгелек үстелге ҚР Парламент Мажилісінің Депутаттары (Әлеуметтік-мәдени даму комитеті және Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті), ҚР Президент Әкімшілігі, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы, ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі, ҚР Дін істері жөніндегі агенттігі өкілдері және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел отырысын ҚР статистика агенттігі Төрағасы Ә.А. Смайылов ашты. Өзінің сөзінде ол қатысушыларды 2009 жылғы ұлттық халық санағын өткізу жөніндегі даярлық және ұйымдастырушылық жұмыстардың барлық кезеңдері, 2009-2010 жылдардағы санақ деректерін өңдеу барысында туындаған проблемалық мәселелер сондай-ақ 2009 жылғы санақ қорытындылары бойынша жариялым жұмыстарының жүрісі туралы хабардар етті.
-
Дөңгелек үстелде Талдамалы есептің алдын-ала нұсқасы презентацияланды. Халық санағының қорытындылары Қазақстан Республикасында өткен 10 жылда болған үлкен экономикалық, демографиялық және әлеуметтік өзгерістерді бейнелейді. Елде халықтың демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы: жалпы республика бойынша, қала және ауыл халқы бойынша, аумақтық бөліністегі, жынысы және жасы бойынша, неке жағдайы, ұлттық құрамы, азаматтығы, дін ұстанымы, білім деңгейі, тілдерді меңгеру дәрежесі, үй шаруашылықтарының саны және мөлшері, тұрғын үй жағдайлары және басқа да сапалық және сандық белгілері бойынша маңызды өзгерістер атап көрсетілді.
-
Санақаралық кезеңде халық саны 6,9%-ға өсіп, 16 млн. адамнан асты. Елде 125 ұлттар мен ұлыстар өкілдері өмір сүреді. Халықтың білім деңгейі айтарлықтай жоғарылады, әсіресе ол жоғары, аяқталмаған жоғары және орташа арнайы білімі бар халықтың санынан байқалады. 2009 жылғы санақ Қазақстанның жаппай сауатты ел екендігін растады. Халықтың тұрғын үй жағдайы жақсарды, жұмыспен қамтылған халық үлесі артты.
-
Сонымен қатар жеке аумақтардағы халық санының кему үрдісі және оның қартаюы, халықтың, орташа неке жасының үлғаюы, некеде тұрған ерлер мен әйелдер үлесінің төмендеуі, соның салдарынан нуклеарлы үй шаруашылықтары (жанұялардың) санының едәуір қысқаруы байқалды.
-
Дөңгелек үстел қатысушылары Талдамалы есептің негізгі бөлімдерін талқылап, орындалған жұмысқа жалпы оң бағасын берді. Сонымен қатар Есепті әрі қарай жетілдіру бойынша бірқатар ескертпелер мен ұсыныстар айтылды.
-
Осы ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып, «2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары» талдамалы есебі жөнделеді, қазақ және орыс тілдерінде жариялау үшін баспаға жіберіледі. Сонымен қатар ол үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) пайдаланушылар үшін ҚР статистика агенттігінің http://www.stat.gov.kz Интернет-ресурсында қол жетімді болады.
-
-
-
-
-
-
-
|
Орындаушы:
|
Әлеуметтік және демографиялық статистика департаментінің директоры |
Баспасөз қызметі: |
Почталық мекен жай: |
|
Ә.Р. Икамбаева |
Г. Қоқанова |
Динара Әлімова |
010000, Астана қаласы |
-
тел. 8(7172)74 93 37
-
А. Ikambayeva@stat.kz |
тел. 8(7172)74 90 61 G.Kukanova@stat.kz |
Телефон: 8(7172) 74-92-57 dalimova@stat.kz |
Есіл өзенінің сол жағалауы, Орынбор көшесі, 8, |
|
|
|
|
«Министрліктер үйі», 4 кіреберіс ҚР Статистика агенттігі |
|
|
|
|