Жаңалықтар
Ақпараттар
Сұрақ-жауап
Материалдар
Агенттік сайтына
Жарияланған «Ұлттық халық санағының қысқаша қортындылары» жинағы тақырыбында брифинг өтті 
 
 

«2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы. Қысқаша қорытындылар» статистикалық жинағының презентациясы.

2009 жылғы Қазақстан Республикасының  Ұлттық  халық санағының нәтижелері бойынша (әрі қарай ХС2009) «2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы. Қысқаша қорытындылар»  cтатистикалық жинағы қазақ  және орыс тілдерінде  жарыққа шықты. Жинақтың электрондық нұсқасы ҚР Статистика агенттігінің сайтында орналасқан.

Жинақта Қазақстан Республикасы бойынша халық санағы өткен (1959, 1970, 1979, 1989, 1999 и 2009жж.) жылдар ішінде тұрақты халық санының өзгеруі туралы деректер жарияланып отыр. Тұрақты халық саны (санақ өткізу күніне – 2009ж. 25 ақпанына)  өңірлер бөлінісінде,   қала және ауылдық халық бойынша және жынысы мен этностар бөлінісінде жарияланды. Қорытындылар абсолюттік  және салыстырмалы түрде келтірілген. 2009 жылғы тұрақты халық саны алдыңғы (1999ж.) санақ деректерімен салыстырылып берілді.

Жинақта 1999 және 2009 жылдар арасындағы кезеңдегі жекелеген ұлттар  бойынша халық санының  өзгерістері туралы деректер жарияланды. Азаматтық алған елдері бойынша халық саны келтірілген. Ана тілі туралы және халықтың жеке тілдерді меңгеру деңгейі туралы деректер көрсетілген. Халықтың дін ұстануы туралы деректер жарияланды.

Қазақстанда саны бойынша неғұрлым көп болып табылатын қазақтар, орыстар, өзбектер, украиндар, ұйғырлар, татарлар және немістер, олардың үлесіне елдің 95,6% халқы жатады. Жекелеген ұлттардың өңірлер бойынша орналасуына қарай республика халқы әртекті. Санақ өткізілу күніне Қызылорда облысындағы халықтың  барлық санындағы 95% -дан астам үлесін  қазақтар құраса, келесі облыстарда: Маңғыстау - 88,2%, Ақтөбе – 79,4%, Оңтүстік Қазақстан - 72,3%, Батыс Қазақстан - 72,2% және Жамбыл -  71,4% құрады; тиісінше бұл өңірлерде орыстар саны аз болды. Өзбектердің  барлық санының  87,9% Оңтүстік Қазақстанда, ал ұйғырлардың 95,8% Алматы облысы мен Алматы қаласында  шоғырланған (64,1% және 31,7% тиісінше). Немістердің 70%-дан астамы  Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай және Қарағанды облысында тұрған, ал кәрістердің 80% -дан астамы – Алматы қаласында, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында.

Жекелеген этностар ана тілі ретінде өздерінің ұлттарынан өзге тілдерді атаған, негізінен олар украиндар, немістер, белорустар, поляктар, кәрістер, татарлар – олардың  үлес салмағы 49%-дан  (татарлар) 90% (поляктар) аралығында.

Жекелеген тілдерді меңгеру сұрағы ХС2009  қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне қатысты және сұрақққа жауап мынадай болды: ауызша түсінемін, еркін оқимын, еркін жазамын. Еркін жаза алатын тұлға еркін оқып, ауызша түсінеді, ал еркін оқитын тұлға, әдеттегідей, ауызша да түсінеді деп тұспалданады. ХС1999 мемлекеттік тілді меңгеру туралы сұраққа жауап мынадай болды: меңгеремін, нашар меңгеремін, меңгермеймін, үйренудемін.

Тұтастай ел бойынша (15 және одан үлкен жастағы) қазақ тілін меңгерген халықтың үлесі 74% құрады, қазақ тілін меңгергендер үлесінің көбеюі орыстар, өзбектер, украиндар, ұйғырлар, татарлар, немістер және белорустар арасында байқалды. Орыс тілін жоғарыда аталған этностардың 90%-дан астамы меңгерген. Ағылшын тілін меңгергендер қазақтар, орыстар, ұйғырлар және татарлар арасында бірқатар жоғары (12,6-17,2%).

Ауыл халқы арасында ерлер мен әйелдер арақатынасы қала халқынан едәір басым түсті, 1000 әйелге 991 ер адамнан келеді (қала халқында – 1000 әйелге 880 ер адам).

Өңірлер бөлінісінде санақ аралық кезеңде жыныстар арақатынасында едәір айырмашылық қалыптасты: егер Астана қаласында 1999 жылы 1000 әйелге 874 ер адамнан келсе, 2009 жылы – ол 959 болды, ал Алматы қаласында осы арақатынас 829-дан 850-ге көбейді. Бұл арақатынас Павлодар облысында  1000 әйелге 911-ден 888 және Қостанай облысында 913-тен 892 ер адамға дейін едәуір азайды.

Халықтың діни ұстануы туралы сұрақ алғашқы рет 2009ХС санақ парағына енгізілген болатын. Елдегі халықтың 70%-дан астамы ислам, ал халықтың 26,2% христиан діндерін ұстанады. Қала халқымен салыстырғанда ауыл халқынан ислам дінін ұстанатындардың үлесі жоғары, және 61,2%-ға қарағанда 80% -дан астамын құраған. Ал христиан діні қала халқы арасында  көбірек таралған, ауыл халқының 16,8%-на қарағанда 34,2% құрады. Өңірлер бөлінісінде ислам дінін ұстанатын халықтың үлесі Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Алматы және Ақтөбе облыстарында жоғары, олардың үлес салмағы 80%-дан 96% аралығында. Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары халқының  50%-дан астамы және Қарағанды мен Павлодар облыстары   халқының 40%-дан  астамы христиан дінін ұстанған. Осы екі негізгі діни ұстаным түрлері бойынша ерлер мен әйелдердің үлесі тиісінше қала халқында, сол сияқты ауыл халқында шамамен бірдей.