Жаңалықтар
Ақпараттар
Сұрақ-жауап
Материалдар
Агенттік сайтына
Агенттік интерактивті сабақ өткізді

30.01.2009

     28 қаңтарда төрт жүзге жуық қазақстандық мектептер елімізде 2009 жылғы 25 ақпан мен 6 наурыз аралығында өтетін  халықтың ұлттық санағына арналған интерактивті сабақтың қатысушылары болды. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын орындау мақсатында мемлекеттік органдардың өткізген тізімін толықтырды.

    Өткізілген интерактивті сабақтардың ең қызықтыларының қатарына оқушылардың өздері еліміздің жолдарындағы апаттар және жол апаттарынан сақтау бойынша қолданылатын шаралар туралы ішкі істер министрлігінің қызметкерлерімен, елімізді азық-түлік қауіпсіздігімен қамсыздандыру жайында ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдерімен, «Әскер Отанды қорғау үшін» тақырыбында қорғаныс министрлігі қызметкерлерімен және қазіргі жағдайдағы өртке қарсы қауіпсіздік шаралары туралы  төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлерімен он-лайн байланысына жатқызды.         Алдағы халық санағы жайында пікір алмасу қызықты болды. Оқушылармен ҚР Статистика агенттігі демографиялық және әлеуметтік статистика департаментінің директоры Әсия Касенова  он-лайн келіссөзін жүргізді. Ол алдағы халықтың ұлттық санағының мақсаты мен міндеті, ол қалай өткізіледі және іс-шара қарсаңында өткізілетін дайындық шаралары туралы айтып берді.

    Оқушылар өздерінің сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Оларды, мысалға, неге санақ кезінде 45 сұрақ қойылады және бұл көп емес пе,  алынған мәліметтердің құпиялылығы қалай сақталады, санақшылар қандай болады, санаққа қатысқысы келмейтін азаматтарға жауапкершілік  қарастырылған ба сияқты сұрақтар ойландырды. Оқушыларды қызықтырған барлық сұрақтар бойынша департаменттің директоры толыққанды жауаптар мен түсініктемелер берді.