Жаңалықтар
Ақпараттар
Сұрақ-жауап
Материалдар
Агенттік сайтына
2009 жылғы халықтың Ұлттық санағының қорытындылары бойынша 16 тақырыптық сериялы жарияланымдар дайындалды 
 
 
 

2009 жылғы халықтың Ұлттық санағының қорытындылары туралы

 2009 жылғы халықтың Ұлттық санағының қорытындылары бойынша 2010 жылы 20 томнан тұратын қазақ және орыс тілдерінде (барлығы 40 том) 16 тақырыптық сериялы жарияланымдар дайындалды.

 Жинақтар ҚР Статистика агенттігінің www.stat.gov.kz сайтындағы «2009ж. ҚР халық санағы» айдарында орналасқан.

2009 жылғы Ұлттық халық санағының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы халқының саны 16009,6 мың адамды құрады.

Санақаралық кезең ішінде республика халқының саны 1028,3 мың адамға өсті (6,9%).

Халықтың жекелеген жас топтары құрылымында өсім байқалады: еңбек жасындағы (халықаралық стандарт бойынша 15-64 жасты құрайтындар) халық және егде жастағы (65 жас және одан үлкен) адамдар үлесі көбейген, бірақ сонымен қатар балалардың (0-14 жас) үлесі төмендеген. Сонымен бірге республикада 60 және одан жоғары жас болып саналатын егде жастағы халық үлесі 1,2 пайыздық пунктке төмендеген.

Халықтың сауаттылығы 99,5%-дан 99,7%-ға дейін артты, сондай-ақ халықтың білім деңгейі, әсіресе жоғары, аяқталмаған жоғары және орта арнаулы білімі бар халық санатында айтарлықтай өсті. Негізгі орта, жалпы орта, сондай-ақ бастауыш білімі бар халықтың үлесі төмендеген.

5 мыңнан астам адамда ғылым докторы, 17,5 мың адам - ғылым кандидаты және 1,7 мың адам – PhD докторы ғылыми дәрежесіне ие. 50 мыңнан астам адамның 2 және одан жоғары білімі бар, оның ішінде 23,8 мыңы – ерлер, ал 27,5 мыңы - әйелдер.

 Санақаралық кезеңде жұмыспен қамтылған халық саны 1,6 есеге көбейген және 6599,5 мың адамды құраған. Жұмыспен қамтылған халықтың ең жоғары үлесі 20-49 жас тобында және сонымен қатар алдыңғы санақпен салыстырғанда олардың үлесі едәуір өскен, яғни  жұмыспен қамтылған халық құрылымында жасару байқалады.

Еліміздегі отбасылар саны 13,8%-ға, соның ішінде қалалық отбасылар 3,4%-ға, ауылдық отбасылар – 30,3%-ға көбейді. Алайда отбасылардың орташа көлемі 4 адамнан 3,5 адамға дейін азайған.

Республикада 2 адамнан (30,1%), 3 адамнан (26,7%), 4 адамнан (22,2%) тұратын отбасылар кеңінен таралған. Небары 11,7% - 5 адамнан, 5,6% - 6 адамнан, 1,9% - 7 адамнан тұратын отбасыларды құраған. 8-10 және одан көп адамнан тұратын отбасылар үлесі өте төмен – 0,2%-дан.

Санақаралық кезеңде республикаға ТМД елдерінен келген көшіп-қонушылардың айтарлықтай саны Өзбекстаннан келген көшіп-қонушыларға келеді – 58,8%, Ресейден – 20,6%, Түрікменстаннан – 10,7% және Қырғыз Республикасынан – 5,4%. Басқа елдерден келгендер арасында айтарлықтай үлеске Қытайдан - 52,6% және  Монғолиядан - 24% келген көшіп-қонушылар ие.

Тақырыптық жинақтардың 16 сериясының презентациясы

 

Орындаушы:

 

Әлеуметтік және демографиялық статтистика Департаментінің Директоры

 

Баспасөз қызметі:

Почталық мекен жай:

Міртемірова Р.Қ

Г. Қоқанова

Динара Жандаева

010000, Астана қаласы

тел. 8(7172)74 93 37

тел. 8(7172)74 90 61

Телефон: 8(7172) 74-92-57

Есіл өзенінің сол жағалауы, Орынбор көшесі, 8,

rmertemirova@stat.kz

G.Kukanova@stat.kz

dzhandaeva@stat.kz

«Министрліктер үйі», 4 кіреберіс ҚР Статистика  агенттігі